среда, 16 ноября 2016 г.

Фрейм туралы түсінік.

HTML тілі браузер программасы терезелерін бірнеше бөліке бөліп тастау мүмкіндгін береді және олардың әрқайсысында жеке құжаттар бейнеленеді. Осындай бөліктерді фрейм деп атаймыз. Фрейм (ағылшын тілінен Frame – жиек, каркас, кадр) параметрлері және өлшемдері бойынша әртүрлі болып келетін бірнеше фреймдерге бөлінген браузер терезесінің жеке жұмыс аймағы болып табылады. Мұндай терезелердің жиынтығы фреймдік құрылым деп аталады. Әрбір фрейм – бұл браузер арқылы өзіне арналған терезеде жүктелетін HTML-құжат. Осылайша, фреймдік негізде құрылған HTML-құжат – параметрлері мен қасиеттері бүкіл фреймдік құрылыммен анықталатын, өзара байланысқан электронды құжаттардың жиынтығы.
1.    Фреймдер құру үшін HTML-де ерекше құжаттар пайдаланылады, оның құрылымы кәдімгі құжаттардан бөлек болады. Бұл құжаттарда мәтін немесе файл бөлігі емес, <FRAMESET> және </FRAMESET> тэгтерінің арасында орналасқан фреймдер болады. Бұл сипаттамада браузер терезесіндегі бөліктердің өлшемдері мен олардың орналасу тәртібі сипатталады, сонымен қатар
аталмыш бөліктердің әрқайсысынан шақырылуы тиіс құжаттар көрсетіледі. Файл атын ол орналасқан ішкі директорияларды көрсетіп,  толық беру керек.
2.    <FRAMESET> тэгі терезелерді бөлу әдістерін анықтайтын, COLS= және ROWS= міндетті артибуттарына ие. COLS=атрибуттарын пайдаланған уақытта терезелер тік сызықтармен, ал ROWS=атрибуттары арқылы колденең сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлінеді. Егер аталмыш атрибуттың екеуі де берілсе, терезеде бөлікшелерден құралатын тор пайда болады.
Осы атрибуттардың мәндері терезе бөліктерінің биіктігін (немесе енін) анықтайды. Әр бағанға (жолға) арналған параметрлер пиксель өлшем бірлігі бойынша үтірлер арқылы немесе проценттермен (“%” белгісі) беріледі. Соңғы параметр ретінде (*) жұлдызша белгісін де пайдалануға болады. Осындай фрейм үшін барлық қалған бос кеңістіктер беріледі.
3.    <FRAMESET> және </FRAMESET> тэгтерінің арасында қалыптастырылған бөліктердің қажеттілігін көрсететін қосымша тэгтер орналастырылады. Осы мақсатта терезені қосымша бөлу мүмкіндігін беретін, ендірілген <FRAMESET> тэгін немесе экрандағы жеке бөліктеріне шақырылатын құжаттарды анықтайтын, жеке даралық <FRAME> тэгтерін пайдалануға болады. <FRAMESET> және </FRAMESET> тэгтерінің араларына орналастырылған элементтердің саны қалыптастырылған бөлік санына сәйкес болуы керек.

4.    <FRAME> тэгінде аталмыш бөлікке шақырылатын құжаттарды анықтайтын SRC=міндетті атрибуттары болуы керек. Қосымша атрибуттар жеке фреймдер арасындағы қоршауларды және оның басқа кейбір қасиеттерін реттеу мүмкіндігін береді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий