HTML тілі браузер программасы терезелерін
бірнеше бөліке бөліп тастау мүмкіндгін береді және олардың әрқайсысында жеке
құжаттар бейнеленеді. Осындай бөліктерді фрейм деп атаймыз. Фрейм (ағылшын
тілінен Frame – жиек, каркас, кадр) параметрлері және өлшемдері бойынша әртүрлі
болып келетін бірнеше фреймдерге бөлінген браузер терезесінің жеке жұмыс аймағы
болып табылады. Мұндай терезелердің жиынтығы фреймдік құрылым деп аталады.
Әрбір фрейм – бұл браузер арқылы өзіне арналған терезеде жүктелетін HTML-құжат.
Осылайша, фреймдік негізде құрылған HTML-құжат – параметрлері мен қасиеттері
бүкіл фреймдік құрылыммен анықталатын, өзара байланысқан электронды құжаттардың
жиынтығы.
1. Фреймдер құру үшін HTML-де ерекше құжаттар
пайдаланылады, оның құрылымы кәдімгі құжаттардан бөлек болады. Бұл құжаттарда
мәтін немесе файл бөлігі емес, <FRAMESET> және </FRAMESET> тэгтерінің
арасында орналасқан фреймдер болады. Бұл сипаттамада браузер терезесіндегі
бөліктердің өлшемдері мен олардың орналасу тәртібі сипатталады, сонымен қатар